02.10.2013

2013 жылғы 01 қазанда Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында Шаруашылық басқармасы мен «Бірлік» бастапқы партия ұйымының филиалы бірлесіп, «Халықаралық Қарттар күні» мерекесіне орай ардагерлермен салтанатты кездесу өткізді.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы аппаратының қызметкерлері мен ведомстволық қарасты кәсіпорындар директорлары қатысты.



18.09.2013

Бүгін, 2013 жылғы 18 қыркүйек күні Министрліктер үйі ғимаратында (10-кіреберіс, Есеп комитетінің Мәжіліс залы) Қазақстан Республикасының халқы тілдері күніне арналған салтанатты жиналыс пен семинар-тренинг өтті.

Іс-шараға шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындар директорлары мен қызметкерлері қатысты.