15.11.2013

2013 жылғы 14-15 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Жоспарлау және бюджеттеу: бюджетті құру технологиясы. Баға құрудың практикалық тәсілдері» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренинг өтті.

Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржы-экономикалық қызмет мамандары қатысты.


11.11.2013

2013 жылғы 9 қараша күні «Hungry Rabbit» кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарының 14 командалары арасында боулинг ойынынан турнир өтті.

Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар.


28.10.2013

2013 жылғы 26 қазанда «Карамболь» бильярд клубында шахмат және бильярд ойындары бойынша турнир өтті.

Турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарынан 15 команда қатысты. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар.


04.10.2013

Үстіміздегі жылдың 03 қазанында Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында «Мемлекеттік тілде ісқағазын жүргізу» атты семинар өткізілді.

Іс-шараға шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындары кадр қызметінің басшылары мен ісқағаздарын жүргізуші қызметкерлері қатысты.