13.08.2021

Кәсіби мерекелер қарсаңында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбегі наградалармен атап өтілді

Құрылысшы күні кәсіби мерекесіне орай «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК-да Қазақстан Республикасы Парламенті ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану жұмыстарына өз үлесін қосқан жұмыскерлерді ведомстволық наградалармен, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен кәсіпорын басшылығының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімдері өтті.


19.03.2021

Құрметті әріптестер!!!

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні баршаңызға құт- береке, ырыс-несібе, мол бақыт әкелсін.


01.10.2020

Ұжым Халықаралық қарттар күнімен, МТҚБ қызметкерлерінің аға буынын құттықтады

Халықаралық қарттар күні 1991 жылдан бастап 1 қазанда атап өтіледі. Бұл мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 45-сессиясында жарияланды.


11.09.2020

Вакцинация алғаның, сақтанғаның.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының мамандары МТҚБ қызметкерлері үшін жыл сайынғы вакцинация жүргізді.