13.08.2021

Кәсіби мерекелер қарсаңында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбегі наградалармен атап өтілді

Құрылысшы күні кәсіби мерекесіне орай «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК-да Қазақстан Республикасы Парламенті ғимараттарын күтіп ұстау және пайдалану жұмыстарына өз үлесін қосқан жұмыскерлерді ведомстволық наградалармен, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен кәсіпорын басшылығының алғыс хаттарымен марапаттау рәсімдері өтті.

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ведомстволық наградаларымен: реставратор Сәлима Назарқұлова «Құрметті сәулетші» төс белгісімен; қызметтік үйлерді пайдалану қызметінің жұмыскері Гүлнара Естаулетова «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды, сондай-ақ кәсіпорынның 8 жұмыскері алғыс хаттармен ескерілді.

Көлік қызметкерлерінің күні кәсіби мерекесіне орай «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Автошаруашылығы» РМК-да автомобиль көлігі саласында тәжірибесі мол жұмыскерлерді марапаттау шаралары өтті.

Шараны өткізу барысында Әлиев Базарбек пен Молдабаев Қайсар «Құрметті автокөлікші» төс белгісі және Ұябеков Асқар «Үздік автокөлікші» төс белгісі ведомстволық наградаларымен марапатталды. Кәсіпорынның 20 жұмыскері Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен кәсіпорын басшылығының құрмет грамоталарымен марапатталды.