Ертас Нұрболат Ертасұлы

Ертас Нұрболат Ертасұлы 1981 жылы Қызылорда облысы Қазалы қаласында туған.

2004 жылы М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын аяқтаған. Мамандығы – экономика және менеджмент, инженер-экономист. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік басқару» бағдарламасы бойынша магистратурасын тәмамдады.

Еңбек жолын 2004 жылы «Iле тағамдары» ЖШС әкімшісі болып бастаған. 2010 жылы «Компания «Энергодор» ЖШС шақырылып, онда жабдықтау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды.

2017 жылдан бастап ПІБ жүйесінде еңбек етіп келген – ҚР Парламенті Мәжілісі ғимаратының коменданты, ҚР Парламенті Сенаты ғимаратына шаруашылық қызмет көрсету қызметінің бастығы, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директорының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК директоры лауазымында қызмет атқарған.  

2024 жылғы 15 мамырдан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.