24.04.2014

«Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Асханасы» РМК мемлекеттік қызметшілердің салауатты тамақтануы туралы ақпараттандырылуын орттыру жөніндегі жұмыстарды әрдайым жүргізуде.

2014 жылғы 1-тоқсанда асхана аспазшылары арасында «Диеталық ас дайындаудың технологиялары» тақырыбында мастер-класстар өткізілді, он-лайн кеңестер беру үшін Dietologk@mail.ru электрондық поштасы құрылды, диеталық тағамдардың түр-түрлігі жаңартылды және 22 түрге кеңейтілді, сонымен қатар мемлекеттік және орыс тілдерінде цикорийдің , қымыздың пайдалы қасиеттері мен семіздіктің алдын алу туралы ақпарат тарату жұмыстары жүргізілді.

    Үстелдер мен тамақ тарату орындарында арнайы қалташаларда «Жүрек-қан тамырлары аурулары кезіндегі тамақтану бойынша нұсқаулар», «Семіздікке бейімсіз бе? Тест», «Остеопороз дегеніміз не?», «Сапалы ұзақ өмір жолындағы 10 қадам» тақырыптарындағы буклеттер (Қазақ тағамдану академиясы әзірлеген) орналастырған.