24.04.2014

2014 жылғы 19 сәуірде Астана көшелеріне 90 мыңнан астам адам шықты, олар «Біздің қала – таза қала!» атты көктемгі жалпықалалық сенбілікке қатысып, қаламызды абаттандыру үшін өз үлестерін қосты.

Жалпықалалық сенбілік шеңберінде, Елбасының астана айналасына «жасыл белдеу» құру тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының жұмыскерлері Қорғалжын тас жолы бойында орналасқан автошаруашылыққа іргелес жатқан аумаққа 600 ағаш пен бұта отырғызды.

    Қазақстан Республикасының Президенті атап өткендей, жасыл алқапты отырғызу маңызды жұмыс болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ұжымы жасыл көшет отырғызып ғана қоймай, ағаштар мен көшеттерді күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.