14.11.2023

Қосқан үлесі үшін алғыс алды

ҚР Президенті Іс Басқарушысы Айбек Дадебаевтың түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитін және Франция президенті Эммануэль Макрон мен Венгрия президенті Виктор Орбанның ресми сапарларын жоғары деңгейде өткізуге және ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін МТҚБ құрылымының үш қызметкеріне алғысын білдірді.

МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов МТҚБ ресми іс-шаралар басқармасының бас сарапшысы Думан Байдильханға, МТҚБ ӘҒД жабдықтау және мониторинг бөлімінің 1 санатты маманы Айбек Бесимбайға және МТҚБ ӘҒД шаруашылық қызмет көрсету қызметінің коменданты Бахтияр Серикбайға ПІБ басшысының грамоталарын табыс етті.