14.05.2014

2014 жылғы 6 мамырда Парламент ШБ-ның мәжіліс залында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесін тойлауға арналған іс-шара өткізілді.

Ауғанстанда әскери міндеттерін өтеп, Чернобыль АЭС-тегі апат салдарын жоюға қатысушы ардагерлер шақырылды.

    Бүгінгі күні олар ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарда жұмыс істейді. Жиналғандар алдында Парламент ШБ Басшысының орынбасары М.Ә. Оразаев сөз сөйлеп, қатысушыларды алдағы мейрамдарымен құттықтады. Ардагерлерге гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

    Ү.ж. 9 мамырында «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Инженерлік орталығы» РМК бастапқы партиялық ұйымы зейнеткерлер: 15.06.1937 ж.т. Нұрақаева Роза Ғадинқызының және 01.01.1925 ж.т. Островская Анастасия Михайловнаның үйлеріне барып, Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Зейнеткерлерге гүлдер мен құнды сыйлықтар тапсырылды.