11.08.2023

Ерең еңбегі үшін медаль

ҚР ИИДМ Құрылыс істері комитетінің «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» («Почетный строитель Казахстана») төсбелгісімен «МТҚБ ӘҒД» РМК өндірістік-техникалық бөлімінің қадағалау жөніндегі инженері Есет Томпишев марапатталды.

Еңбек сіңірген ардагерге әріптестерінің қошеметімен МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов төсбелігіні табыстады.

Есет Өтеғұлұлының жұмыс өтілі 49 (!) жыл. Осы жылдар ішінде оның жұмысы құрылыспен байланысты. Ол Қазақстан, тіпті КСРО Сәулетшілер одағының мүшесі.

Жас маман Томпишев өзінің еңбек жолын 1974 жылы КазКСР Госстрой «Казграждансельпроект» МГПИ үлгілік жобалау бөлімінің сәулетшісі болып бастаған. Мәскеу жерге орналастыру инженерлері институтын бітіргеннен кейін бірден жобалау институтына келіп, 1994 жылға дейін 20 жыл бойы әртүрлі басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

Содан кейін ол Сыртқы істер министрлігінің күрделі құрылыс бөліміне жұмысқа шақырылды, онда ол 15 жыл қызмет етті және бөлім меңгерушісінен Шаруашылық бастығына дейін көтерілді.

2007 жылы Есет Өтеғұлұлы Парламент шаруашылығына бас инженер болып жұмысқа шақырылды. Содан бері оның білімі, тәжірибесі мен өмірлік даналығы ПІБ жүйесіне, атап айтқанда, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына септігін тигізуде.