26.02.2024

Сергей Компаниец ПІБ МТҚБ басшысының орынбасары болып тағайындалды

ҚР Президенті Іс басқарушысының 2024 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен Сергей Компаниец ҚР ПІБ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Іс басқармасы аппаратының басшысы Серік Кенжебаев жаңа орынбасарды ұжыммен таныстырып, жұмыста жетістіктер тіледі.

Сергей Евгеньевич Компаниец 1986 жылы 26 қыркүйекте Ақмола облысы Тассуат ауылында туған. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі болып табылады, әрі «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

2016 жылы АҚШ Джордж Вашингтон Университетінің бизнес мектебін үздік аяқтап (ақпараттық жүйелер технологиясы және басқару саласының магистрі), 2011 жылы Шымкент қ., Академиялық инновациялық университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры), 2009 жылы Астана қ., Басқару институтын (есептеуіш техникалар және бағдарламалық қамтамасыз ету бакалавры) тәмәмдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы «ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Ақпарат және тестілеу орталығы» ММ-де техник болып бастаған, 5 жыл ішінде ол Орталық директорының орынбасары, одан кейін директорға дейін көтерілген.

Әр жылдары «Мемлекеттік қызмет персоналын басқару жөніндегі ұлттық орталық» АҚ-ның Ақпараттық қамтамасыз ету, мониторинг және бағалау департаментінің директоры, Шымкент қ., Әкімдігі аппаратының Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің бастығы, «Shymkent «АӨК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің «Алмас» РМҚК директорының орынбасары болып жұмыс істеген, «AMANAT» партиясының Ақпараттық технологиялар орталығын басқарған.

Лауазымға тағайындалғанға дейінгі соңғы жұмыс орны – ҚР Қорғаныс министрлігінің «Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болған.