26.12.2023

МТҚБ Инженерлік орталығы сандық инфрақұрылымды жаңғыртуды аяқтады

Бағдарламалық өнімдер мен электронды жабдықтардың – конгресс-жүйенің, серверлік, компьютерлік және медиа жабдықтардың жаңаруы арқасында –МТҚБ Инженерлік орталығы қызмет көрсететін сандық инфрақұрылымдары жұмысының сенімділігі мен қауіпсіздігі күшейтілді.

Ғимараттардағы жөндеу, инженерлік жүйелер мен байланыстарға қызмет көрсету үдерістерін автоматтандыруға, сондай-ақ жоспарланған жұмыстардың орындалуын уақытылы қадағалауға мүмкіндік беретін «ТҚКЖ» бағдарламалық-аппараттық кешені орнатылды.

BIM технологиясы бойынша интерактивті режимдегі ғимараттардың сандық үшөлшемді моделі құрылып, жұмысқа енгізілді.

 «Ағымдағы жылы біз МТҚБ құрылымына кіретін кәсіпорындардың ақпараттық қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға көмектесетін бірыңғай оптоталшықты желілік контурды құру бойынша жұмыстарды да аяқтадық. Енді МТҚБ корпаративтік ақпараттық жүйелер мен бірыңғай АТ-инфрақұрылымына рұқсат тек Бірыңғай ақпараттық кеңістік аясындағы қорғалған каналдар қамтамасыз етеді», - деді Инженерлік орталықтың директоры Арман Алиев.