13.11.2023

МТҚБ қызметкерлері Цифрлық даму министрлігінің марапаттарын алды

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күні қарсаңында «Материалдық-техникалық даму басқармасы» ММ басшысы Алихан Жамсатов МТҚБ құрылымының қызметкерлеріне марапаттар табыс етті.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің «Үздік цифрландырушы» төсбелгісімен МТҚБ инженерлік орталығының жедел қызмет көрсету секторының меңгерушісі Қуаныш Манамбаев марапатталды.

ЦДИАӨМ Құрмет грамотасымен Гульнар Ныгыметова, Назар Уразбаев, Марат Бейсенов, Дулат Жамалбеков, Аслан Кабанбаев, Арман Амангалиев, Жанаділ Ыдырыс, Асель Калмухамбетова, Болат Ермагамбетов, Илья Калмыков, Руслан Хамзин, Кайрат Алдабергенов марапатталды. 

МТҚБ инженерлік орталығының тағы төрт қызметкері Парламент Сенаты аппараты басшысының атынан алғыс хатпен, үшеуі Парламент Мәжілісі аппараты басшысының Алғыс хатымен, екеуі МТҚБ басшысының Алғыс хатымен марапатталды.