20.11.2023

МТҚБ-да жасанды интеллект мүмкіндіктерін зерттеуде

Назарбаев университетінде «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-нің басшысы Әлихан Жамсатов Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институтының (ISSAI) директоры-негізін қалаушысы, профессор Хусейн Атакан Варолмен кездесті.

Кездесудің басты мақсаты жасанды интеллектіні қолдану саласындағы ISSAI-дың зерттеу қызметінің бағыттары мен технологиялық мүмкіндіктерін түсіну үшін командамен танысу болды.

Бұдан басқа, профессор өндірістік және әкімшілік міндеттерді шешу үшін ЖИ қолданудың заманауи әлемдік үрдісінің, осы технологиялардың тиімділігі және акпараттық қауіпсіздігі туралы өзіндік көзқарасымен бөлісті.