02.06.2023

Мемлекеттік рәміздерге құрмет

«Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ мемлекеттік қызметкерлерінің келе жатқан мемлекеттік рәміздер күніне орай жиналысы туға қарап сап түзеп, мемлекеттік гимнді орындаумен салтанатты түрде басталды. МТҚБ ұжымы бұл дәстүрді көптеген жылдар бойы қолдап келеді.


01.06.2023

МТҚБ-ның 11 жас шахматшысы ПІБ ұйымдастырған жарыстарға қатысты

Балаларды қорғау күніне орай ҚР Президенті Іс Басқармасында ПІБ құрылымындағы қызметкерлердің балалары арасында шахмат турнирі өтті. Турнирге 72 жас дарындар, оның ішінде МТҚБ құрылымының ӘҒД және Инженерлік орталығы қызметкерлерінің 11 баласы қатысты.


23.05.2023

Қызметкерлердің тілектері мен ұсыныстары - МТҚБ басшысының жеке бақылауында

ПІБ басшылығымен кездесулерде МТҚБ бағынысты кәсіпорындарының қызметкерлері көтерген мәселелерді шешу барысын «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ-де өткен кеңеске қатысушылар талқылады.


22.05.2023

Мақсат – цифрландыруды тиімді дамыту

МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов бастаған жұмыс тобы PricewaterhouseCoopers (PwC), Deloitte, KPMG консалтингтік компанияларымен, International Data Corporation (IDC) және BPM Technologies IT-компанияларымен, сондай-ақ банк саласындағы цифрлық өнімдердің көшбасшысы болып табылатын «Kaspi Bank» АҚ-мен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының жауапкершілігіндегі цифрлық процестерді дамыту мәселелері бойынша кеңес-сөздер жүргізді.