«МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

БАЙЫМБЕТОВ Ардақ Мұхитдинұлы

1975 жылы 25 қыркүйекте Қызылорда облысының Қызылорда қаласында дүниеге келген. Үйленген, төрт баласы бар.

2001 жылы Көкшетау экономика және менеджмент институтын бітірді.

2013 жылы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы - валюталық бақылау комитеті Қаржы - валюталық бақылау басқармасының Торғай облысы бойынша бақылаушы – тексерушісі болып бастады.

1997 - 1998 – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының аға бақылаушы - ревизоры.

1998 - 2000   – Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша Қазынашылық комитеті Қазынашылық басқармасының аға, бас қазынашысы.

2000 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша басқармасының бас бақылаушы - ревизоры.

2000 - 2005 – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің жетекші бақылаушы - ревизоры, бас бақылаушы - ревизоры, бас маман – бас бақылаушы - ревизоры.

2005 - 2022 – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультанты, бас сарапшысы, бас консультанты - мемлекеттік аудитор, сектор меңгерушісі.

2022 жылғы 10 қаңтардан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.