Ресми іс-шаралар басқармасының басшысы

Махамбет Айтмұхаметұлы Сагитов

1994 жылы Павлодар қаласында туған.

2012 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетін Халықаралық құқық» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, психология, әлеуметтік білім магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2018 жылы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК жабдықтау және мониторинг бөлімінің маманы болып бастады.

2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК жабдықтау және мониторинг бөлімінің бастығы.

2020 жылғы 6 мамырдан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК Қазақстан Республикасы Парламентінің іс-шараларын ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету бөлімінің бастығы.

2021 жылғы 10 тамыздан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ ресми іс шаралар басқармасының бас сарапшысы.

2023 жылғы 15 мамырдан бастап «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ ресми іс-шаралар басқармасының басшысы.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларының Алғыс хаттарымен марапатталған.