16.04.2022

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері сенбілік өткізді

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы 16 сәуір күні, жалпықалалық сенбілік аясында орталық аппарат пен ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырды.Қызмет көрсететін объектілер аумағын және қаланы тазалау бойынша ағаштарды, бордюрларды ақтау, гранитті қасбетті жуу, түскен жапырақтардан тазарту және тағы да басқа жұмыстар жүргізілді.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері жыл сайын сенбіліктерге белсене қатысып, қаланың абаттандыруы мен өркендеуіне өз үлесін қоcуда.