13.09.2019

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша

13 қыркүйекте Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау бойынша жыл сайынғы тестілеу өтті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығын жүзеге асыру және мемлекеттік тілде іс жүргізуді одан әрі жетілдіру мақсатында өткізіледі.