22.05.2017

ҚР ПАРЛАМЕНТІНІҢ КІРУ ТОПТАРЫНДАҒЫ ПАНДУСТАР - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ҮЗДІК БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ - ҚАЗАҚСТАН МҮГЕДЕКТЕРІ КОНФЕДЕРАЦИЯСЫ САРАПШЫСЫ

Қазақстан мүгедектер конфедерациясы қауқары аз топтары үшін қолжетімді орта бойынша сарапшысы Жадырасын Сәдуақасов ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі ғимараттарының кіру топтарында орналасқан пандустарды Қазақстандағы ең үздік деп атады "Материалдық – техникалық қамтамасыз ету басқармасы" ММ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол мұндай пікірін МТҚБ Басшысының орынбасары Әлихан Жамсатовқа және Әкімшілік ғимараттар дирекциясының директоры Ақжол Абдрахманға ҚР Парламенті ғимараттарын халықтың қауқары аз топтарына қолжетімділігін тексеру барысында айтты.

Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы Парламенті ғимараттарын мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтарына қолжетімділікті ұйымдастыру жобасын іске асыру аясында жүргізілген.

Тексеру вертикальді жылжитын көтергіш механизмдерде, пандустарда және тұтастай алғандағы Мәжіліс және Сенат ғимараттарына іргелес аумақтарда жүргізілді.

Аумақты көзбен шолып тексергеннен және көтергіштер мен пандустарды пайдаланғаннан кейін Қалалық ортаның әмбебап дизайны бойынша сарапшы Жадырасын Сәдуақасов МТҚБ-ның мүгедектерге арналған кедергісіз ортаны құру бойынша жұмысын жоғары бағалады.

«Тексеру барысында барлығы көңілімнен шықты. Белгілері бар, пандустар бар, өз ұсыныстарымды бердім. Ең бастысы - кіру топтарында жөнді пандустар орнатылған. Оларды Қазақстандағы ең үздік деп атаушы едім. Көлбеу бұрышы көтерілу үшін өте ыңғайлы. Көтергіштер де өте ыңғайлы», - деді Ж. Сәдуақасов.

Бұл ретте, сарапшының айтуынша, Басқарманың тәжірибесі халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімді ортаны ұйымдастырудың тамаша үлгісі бола алады.

Айта кететін жай, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы тұрақты негізде мүгедектерге және халықтың қауқарсыз топтарына арналған қолжетімді ортаны құру жөніндегі жұмысты жүргізеді.

Осылайша, 2016 жылы мүгедектерге ғимараттарға кедергісіз кіруді ұйымдастыру мақсатында 2 көтергіш механизм орнатылған және ҚР Парламенті Мәжілісі және Сенаты ғимараттарының кіру топтарында пандус орнатылған. Көтергіш механизмдер штаттық режимде жұмыс істейді және олардың жарамдылығы күн сайын бақыланады.

Ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін объектілердің қолжетімділігін бейімдеу бойынша жобаларды зерттеу, сараптау, кеңестендіру және әзірлеумен айналысатын «ЭКОР» орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу жоспарлануда.

Ғимараттардың ішінде активатор-білезіктер мен дыбыстық хабарламаларды ойнату функциясы бар динамиктерден, Парламент ғимараттарының басты кіру есіктерін автоматты ашып-жабу құрылғысынан тұратын көзі көрмейтін және нашар көретін адамдарға арналған қазіргі заманғы навигациялық жүйелерді орнату жоспарлануда.

Сонымен қатар, қызметкерлерді барлық санаттағы мүгедектерге ситуациялық көмек көрсетуді оқытуды өткізу жоспарлануда.

Анықтама: Жадырасын Сәдуақасов – қозғалу мүмкіндігі шектеулі мүгедек, Қазақстан мүгедектер конфедерациясы сарапшысы, «ДОРТСТРОЙТРЕСТ» ЖШС жанындағы «ЭКОР» орталығының бас сарапшысы, «ELAMAN Әлеуметтік инновациялық жобалары» Қорының әмбебап дизайн бойынша сарапшылары жұмыс тобының жетекшісі.