29.08.2018

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНДА ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

2018 жылдың 29 тамызында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында салтанатты жиналыс өтті.

Іс-шара барысында МТҚБ басшысы қызметкерлерді мемлекеттік мерекемен құттықтап, еліміздің мемлекеттілігінің қалыптасуындағы әрбір қызметкердің рөлін атап өтті.
Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының кейбір қызметкерлеріне салтанатты түрде алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.