22.06.2018

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Мемлекеттік қызметші күні қарсаңында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ жұмыскерлердің салтанатты жиналысын өткізді.

Басшы әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасының Парламенті мен Президенті Іс Басқармасының мәртебесін арттыруда әр қызметкердің рөлін ерекше белгілеп шықты. 

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының әдеп жөніндегі өкілетті тұлғасы А.Ғ. Сматаев ұжымды мемлекеттік қызметтің заманауи дамуының негізгі кезеңдері туралы қысқаша таныстырып өтті. 
 
Содан кейін мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданғандардың антын қабылдау рәсімі өткізілді. 
 
Мемлекеттік қызметшілердің мерекесіне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» ведомстволық төс белгісімен, 17 жылдан аса мемлекеттік қызметті (МТҚБ) атқарған Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы - А.Н. Насрединова марапатталды.  
 
Көзге түскен жұмыскерлерге де МТҚБ Басшысының құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды.